Friday, 18 October,2024

Астанада тұтқынға түскен банк қызметкерлері құтқарылып, қаскөй ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанадағы банк бөлімшесіне қарулы шабуыл жасаған Жамбыл облысының тумасы ұсталды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астанадағы Каспи Банк бөлімшесіне шабуыл жасап, 7 қызметкерді тұтқынға алған қаскөй ұсталды. Полицейлер қазір тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Абырой болғанда, қызметкерлердің барлығы дін аман. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бүгін 30 жастағы Жамбыл облысының тумасы қарумен банк бөлімшесіне басып кіріп, бірнеше адамды кепілдікке алған болатын.

Оның наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны айтылуда. Сондай-ақ ол бұған дейін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Ұсынылатын