- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Астанада үйдің кіреберісін әжетханаға айналдырған ер адам 15 тәулікке қамалды
Астанада үйдің кіреберісін әжетханаға айналдырған ер адам 15 тәулікке қамалды
Кіреберісті әжетханаға айналдырған азаматтың әдепсіз әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Елордада жас жігіт тұрғын үйдің кіреберісінде үлкен дәрет сындырып, өрескел тәртіпсіздік жасаған.
Оның орынсыз әрекеті кіре берісте орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Полицейлер бұзақыны анықтады. Ол 20 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Тәртіп сақшылары оған қатысты алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде шығып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырды.
Материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданып, сот шешімімен ол, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.