Saturday, 23 November,2024

Астанада Жаңаөзеннен келген мұнайшыларды түгелдей арнайы жасақ ұстап алып кетті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Астанадағы министрлік алдына жиналған Жаңаөзендік мұнайшыларды арнайы жасақ күшпен алып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жүзге жуық жұмысшының талап-арызын тыңдаудан шаршаған билік күш қолдануға көшті. Министрлік алдындағы мұнайшыларды арнайы жасақ автобусқа тықты. Бұл жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Ақпарат көздерінің мәліметінше оларды елордадағы үш полиция бөлімшесіне қамаған.

Көп ұзамай Жаңаөзен жұртшылығы да көтеріле бастады. Өңірдегі бірқатар жұмыс орындарының мұнайшылары қамауға алынған азаматтарды қолдау үшін көшеге жинала бастаған.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Жаңаөзенде интернет жоқ.

Ұсынылатын