Saturday, 18 May,2024

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Халықтың біртуар перзенті, грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир бүгін салтанатты түрде басталды. Жарыстың ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, Қазақстан әйелдер, грек-рим және еркін күрес федерациясының президенті, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіровтің өмірдегі ағасы Сәт Тоқпақбаев қатысты.

Олар бірегей тұлға туралы естеліктер айтып, жарыс жолына шыққан балуандарға сәттілік тіледі. Айта кетейік, 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнирге Қырғызстан, Өзбекстан Тәжікстан, Әзірбайжан және Израильдің спортшылары келген.

Ұсынылатын