Friday, 22 November,2024

Астанада зергерлік дүкенді тонаған күдіктілер ұсталды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Криминалдық полиция мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкенді тонап кеткен күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Polisia.kz жазды. Естеріңізге сала кетсек, 1 мамырда белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді. 

Нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды. Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары. Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.

Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Ұсынылатын