Астанада жиһаз цехында ірі өрт болды
Uaqyt.info

Астанада жиһаз цехында ірі өрт шықты. Елордалық өртсөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Астана ТЖД хабарлауынша, өрт таңғы сағат 8:44-те болған.
"Дереу елордалық өртсөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.