- Басты жаңалықтар
- Спорт
- Астанадағы көкпар ойындарында федерация президенті арақ-шараптың бәрін өртеп жіберді
Астанадағы көкпар ойындарында федерация президенті арақ-шараптың бәрін өртеп жіберді
Елордада ұйымдастырылған ұлттық спортта Ералы Мамыров көпке үлгі болар қадамға барды. Ол жарысқа әкелінген жынды судың бәрін шағып, төгіп, артынша өртеп жіберді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Астана қаласы Көкпар федерациясының президенті Ералы Мамыровтың әрекеті әлеуметтік желіде тарады. Ол бас қала маңында ұйымдастырылған шарада ұлттық спорт қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ескерту жасады.
Яғни қазақы ойында арақ-шарапқа жол жоқ деп ұрандап отыр. Тіпті сол жиында анықталған жынды судың бәрін жиып, шағып, төгіп, артынша өртеп жіберген.
"Бұлай болмайды. Қанша айттық. Қатысушылар арасында жарақат алып жатқандар да бар осының салдарынан. Солтүстік болсын, оңтүстік болсын бәріне ескерту. Бұдан былай ұлттық ойынға ел қадірін кетіретін арақ-шарапты алып келмеңіздер. Ұлттың рухын көтереміз, дәстүрлі ойынды дамытамыз деп ұрандап жүргенде дәл осылай қадамға бару ұят. Намысы бар жігіттер осыны ойлансын", - дейді Ералы Мамыров.
Желідегі жұрт федерация президентінің әрекетін барынша қолдап жатыр.