- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Астанадағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніндегі өрт: 3 газ баллоны жарылған
Астанадағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніндегі өрт: 3 газ баллоны жарылған
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Астанада құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешенінде жарылыс дыбысы естіліп, артынша өртке ұласты. Төтеншеліктер тілсіз жаудың алдын ала себебі – газ баллоны дегенге тоқталып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тұрғын үй кешеніндегі өрт бейнежазбасы желіде тарады. Видеодан көпқабатты тұрғын үй төбесі қара түтінге оранғанын байқайсыз.
Кейіннен бұл жағдайға қалалық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Дерекке сүйенсек, жағдай Нұра ауданындағы "Хан шатыр" сауда үйі маңында болған.
"Сағат 16:28-де төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері оқиға орнына шықты. 6 минутта өрт ошағына жетті. Алдын ала дерек бойынша 3 газ баллоны жарылған. Артынша шатырға өрт тараған. Тілсіз жау толық сөндірілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, төтеншеліктер оқиға салдарынан жарақат алғандар жоқ екеніне де тоқталды.