Friday, 17 May,2024

Астанадағы "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігіне сілтеме жасаған "Қазақпарат" агентігінің мәліметінше, сәулет нысаны қатты желдің әсерінен құлаған.

"Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі өкілдері.

Айта кетейік, қатты желден елордадағы бірнеше нысанның шатыры ұшып кеткен болатын. Сондай-ақ ауа-райының қолайсыздығынан Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешікті.

Ұсынылатын