Saturday, 23 November,2024

Астаналық әйел жалдамалы пәтерде секс-притон ұйымдастырған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Сарыарқа ауданы әкімдігі мен прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері қала тұрғындарының бірнеше рет шағымдары бойынша рейдтер жүргізді, деп хабарлайды Uaqyt.info .

Polisia.kz хабарлауынша, рейд өткізу барысында Сарыарқа ауданының жедел қызметкерлері, жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 45 жасар әйелді анықтады. 16 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін клиенттерді әйелдермен табыстырған.

Аталған фактіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйдастырғаны және ұстағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен әйелге қатысты "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұсынылатын