Saturday, 23 November,2024

Астаналықтарды 150 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Uaqyt.info
Фото

Елордалық 29 тұрғынның сеніміне кіріп, 150 миллион теңгеге сан соқтырып кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, 34 жастағы күдікті қала тұрғындарына көлік, ипотека, қолма-қол несие алып беремін деп ақша алып, алдап кеткен. Оның үстінен ҚК 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Алаяқтың торына түскен 29 адам Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жүгінді. Түрлі алдаудың схемаларын ойлап тапқан күдікті қыруар ақшаға қарық болған. Алданған халық оған 1-22 миллион теңгеге дейін ақша берген.

Полицияға Астана тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. Әйел күйеуінің досына сеніп, оған 1 миллион 237 мың теңге бергенін айтты. Ол көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде берді. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге, микроқаржы ұйымынан тауарлық және несиемен ақша несие алуды ұсынған. Нәтижесінде әйел бес микроқаржы ұйымынан несие және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, дабыл қаққан", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын