Saturday, 27 April,2024

Асу Алмабаев қазақстандық компанияның жарнамасын жасайды

Uaqyt.info
Фото

MMA шебері Асу Алмабаев TAS Group компаниялар тобымен келісімшартқа қол қойып, амбассадоры атанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Қазір біз ірі компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Соның ішінде қазақ тілін қолдап, сол тұрғыда көп еңбек етіп жатқан тіл жанашыры Дулат Тастекейдің компаниясына амбассадор болғанымызға өте қуаныштымын», - деді ММА шебері.

Қазіргі таңда спортшы америкалық UFC-де өнер көрсетіп жүр. Ол келесі жекпе-жегін наурыздың тоғызында өткізбек. Әзірге Асу Алмабаевтың жалпы рекорды 16-2, ал жеңіс сериясы 14 жекпе-жекті құрайды.

Ұсынылатын