- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ашулы әке үйге қонбаған қызын пышақтап, мәйітін ауыл ішінде мотоциклмен сүйреген
Ашулы әке үйге қонбаған қызын пышақтап, мәйітін ауыл ішінде мотоциклмен сүйреген
Алмас Абылай
Фото The Times of India
Үндістанда ер адам өз қызын пышақтап өлтіріп, артынша ауыл ішінде мотоциклмен мәйітін сүйреген. Ол мұндай әрекетке қызы үйде түнемегені үшін істеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
The Times of India дерегіне сүйенсек, өз қызын өлтірген әке мұндай қадамға басқа балаларына сабақ болсын деген мақсатта барған. Оқиға Үндістанның Пенджаб штатындағы Мучхал ауылында болған.
Анық болғандай, 16 жастағы қыз бала үйінен шығып кеткен соң үйде түнемей ертеңіне бір-ақ оралған. Қызының бұл әрекетіне ашуланған әкесі оны ұрып-жығып, пышақтап өлтіреді. Кейін мәйітін мотоциклге байлап, ауыл ішінде сүйреген. Осылайша қызының өлі денесін теміржолға апарып тастайды.
Ер адам бұл әрекетіне еш өкінбейтінін, керісінше, өзін «ардың адамы» санайтынын алға тартқан. Қазір ол қамауға алынды.