- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Асып кетсе 2 сағат: Қытай билігі кәмелет жасына толмаған балаларға ұялы телефон қолдануға тиым салмақ
Асып кетсе 2 сағат: Қытай билігі кәмелет жасына толмаған балаларға ұялы телефон қолдануға тиым салмақ
Қытайда ұялы телефонды қолдану аясында қатаң заң дайындалды. Егер күшіне енсе 18-ге толмаған әрбір бала смартфонды күніне 2 сағаттан артық ұстай алмайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі (ҚКӘ) байланыс провайдерлерінің 18 жасқа толмаған пайдаланушылардың сағат кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ға дейін мобильдік интернетке кіруіне тыйым салатын "шағын режим" бағдарламасын енгізгенін қалап отыр. Сонымен қатар бұл тәртіпке сай күндіз де уақыт шектеуін енгізу ұсынылған.
Яғни бұл жүйе аясында 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер күніне екі сағат, 8 бен 16 жас аралығындағы балаларға бір сағат, ал сегіз жасқа дейінгілерге сегіз минут уақыт берілуі мүмкін.
Билік жобасы қыркүйек айының 2-не дейін ашық талқылауға ұсынылған. Осы уақыт аралығында нақты шешім қабылданбақ.
Десе де, смартфондарды қолдану уақытына шектеу енгізу мемлекетте технологиялар акцияларының құлдырауына алып келуі мүмкін.