Friday, 22 November,2024

"Ата, шықсай..." Сағыныштан қабір топырағын қазған немеренің әрекеті жұрт жүрегін елжіретті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте кішкентай бүлдіршіннің әрекеті қызу талқылануда. Ол атасы жерленген қабірдің топырағын қазып, шығарып алуға тырысып жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода кішкентай бүлдіршіннің қабыр топырағын қазып жатқанын байқайсыз. Тіпті арасында "ата, шықсай" деп айғайлап қояды. Бейнежазбада диалог былай өрбиді:

- Нұрдәулет неге қазып жатырсың?
- Атамды тауып аламын
- Атаңды іздеп жатырсың ба? Шықпай жатыр ма?
- Шықпай жатыр, атамды шығарамын...

Бейнежазбаның қайда және қашан болғаны белгісіз.

Ұсынылатын