- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Ата заңым - тірегім! ҚазҰУ-да оқытушылар мен білім алушылар конституция маңызын талқылады
Ата заңым - тірегім! ҚазҰУ-да оқытушылар мен білім алушылар конституция маңызын талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіндегі шетел филологиясы және аударма, А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедраларының оқытушылары жыл сайын дәстүрлі түрде "Ата заңым – тірегім" атты мерекелік іс-шара өткізеді.
Биыл да осы салтанатты шараға факультетіміздің "А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі", "Шетел филологиясы" және "Аударма ісі" мамандықтары бойынша білім алатын студенттер, магистранттар, докторанттар мен кафедра оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Алғаш рет университет табалдырығын аттаған бірінші курс студенттері де аталған шарамызға белсене қатысты.
Мерекеміздің шымылдығын факультеттің білікті де білімді оқытушы-профессорлары ашты. Олар өз сөздерінде жалпы Ата заң туралы, оның шығу тарихы мен маңыздылығы туралы ой өрбітті. Ата заңның ерекшелігіне нақты мысалдар келтірді.
Факультет магистранттары Ата Заңның жазылу тарихына, өзге елден қандай ерекшеліктері бар екеніне жан-жақты тоқталып өтті.
Студенттердің Ата Заңы әлемдегі жас Конституциялардың бірі болғанына қарамастан әрбір Қазақстандықтың жақсы өмір сүруіне арналғаны туралы баяндамамалары да тартымды да ғибаратты болды.
Факультет докторанттары да Ата заңның шығу тарихына арналған арнайы сауалдар құрастырып, түрлі жарыстар ұйымдастырды. Онда жеке азаматтардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтарына арналған сауалдар қойылды. Дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Іс –шараның соңында студенттердің ұйымдастырумен әдемі музыкалық қойылым болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, филол.ғыл.канд. Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна