"Аталарыңның басы": Бауыржан Халиолла Тоқаевқа дат айтты
Белгілі ақын Бауыржан Халиолла Президент Тоқаевқа дат айтты. Ол елдегі Түркістан мен Тараз қаласының туған күнін 1500-2000 жыл деп тойлау дұрыс емес деп отыр. Айтуынша бұл қалалардың тарихы одан да терең, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақынның жанайқайы әлеуметтік желіде тарады. Онда Бауыржан Халиолла Түркістан қаласы түбі бір түркі халықтарының орталығы болғанын, әрі дәл осы шаһардан Өзбекстан, Әзірбайжан сынды көптеген мемлекеттің өз алдына отау тігіп бөлініп шыққанын айтады.
Сонымен қатар дәл осы Өзбекстан мен Әзірбайжанда тарихи қалалары 4-5 мың жылдығын тойлағанда қазаққа тарихты бұрмалау жараспайды дейді.
"Көктүрік енші алысып тарасқанда, қарашаңырақ қазақтарда қалған жоқ па, дейді. Яғни Әзірбайжан, Өзбекстан осы Түркістан қаласынан өздерінің еншілерін алып отау тіккен. Енді қараңыз. Баку 5 мың жылдығын тойлайды, Самарқанда 4 мың жылдығын атап өтеді. Ал Түркістанның біз 2 мың жылдығын мерекелейміз. Логика қайда. Сонда түркі халықтары еншілерін алып шыққан орталық сол кейін құрылған қалалардың немересі іспетті болып қалады ғой. Міне осыны тарихшылар, билік дұрыстап ойлануы керек", - дейді сөзінде.
Желідегі жұрт бұл мәселеге түрлі пікірлерін жазуда.
@manasbalgazin #түркістан #тұран #қазақ ♬ оригинальный звук - 𝕸𝖆𝖓𝖆𝖘 𝖇𝖆𝖑𝖌𝖆𝖟𝖎𝖓