Saturday, 23 November,2024

"Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметовке сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

 "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов бес жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған  "Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов бес жылға сотталды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-басшыға осындай үкім шығарды.

"Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

Ұсынылатын