Sunday, 8 September,2024

Атақты күйші Асылбек Еңсепов Дубайдан домбыра академиясын ашты

Uaqyt.info
Фото

Танымал күйші әрі домбырашы Асылбек Еңсепов Дубайдың төрінен қазақ өнерін насихаттайтын академия ашты. Өзінің сүйінші жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Күллі қазаққа ғажап күйлері әрі орындау шеберлігімен танылған Асылбек Еңсепов әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі Дубайдан домбыра академиясын ашты. Оның айтуынша, бұл өнер орталығы қазақтың өнерін әлемге паш етуге өз септігін тигізеді. Сондай-ақ қазақтың асыл аспабы – домбыраны насихаттауда теңдесі жоқ академия болмақ.

“Қадірлі отандастар, жерлестер, құрметті Дубай қаласының тұрғындары! Мен күйші, домбырашы Асылбек Еңсепов бүгіннен бастап Дубай қаласында тұңғыш домбыра академиясының ашылғанын өздеріңізге қуанышпен хабарлағым келіп тұр.

Домбыра – қазақтың жаны, домбыра – бабамыздың асыл мұрасы, талай қиын-қыстау замандарда қазаққа әрі сүйеніш, әрі жетекші бола білген киелі аспап. Біздің домбыра академиясының ашуымыздың басты себебі де осы. Баршаңызды Дубай Домбыра академиясына шақырамыз! Келіңіздер, бізбен бірге домбыра тартып үйреніңіздер! Біз Сіздерді күтеміз!”, - деді Асылбек Еңсепов.

Академияның мекен-жайы:

БАӘ 🇦🇪 Дубай

JLT – Claster L

Preatoni Tower N703

+917 52 517 0978

Ұсынылатын