Saturday, 27 April,2024

Атақты «Тақиялы періште» фильмі ағылшынша дыбысталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Режиссер Шәкен Аймановтың 1968 жылы жарық көрген «Тақиялы періште» фильмі ағылшын тіліне дыбысталады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қуанышты жаңалықты елшілік қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көрер ме едіңіздер?”, - делінген жазбада.

Ағылшынша аудармада:

Тайлақ - Lucas

Биші қыз - Lola

Сырлыбай би - Colin

Ермек Серкебаев - Johnibek

Орал – Chris

Айта кетейік, «Тақиялы періштеден» бөлек қазақтың «Қыз Жібек»

”Махаббат бекеті” фильмдері де  ағылшын тіліне аударылды.

Ұсынылатын