- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Атауызбен тісімізді жұлып, зорлаймын деп қорқытады". Өскемендегі түрмеде жазасын өтеушілердің жантүршігерлік бейнежазбасы тарады
"Атауызбен тісімізді жұлып, зорлаймын деп қорқытады". Өскемендегі түрмеде жазасын өтеушілердің жантүршігерлік бейнежазбасы тарады
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Өскемендегі №16 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілердің жантүршігерлік бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода жазасын өтеушілердің өзгелерден таяқ жеп, тістерін күштеп жұлып жатқанын байқайсыз. Мұнан кейін сондағы сотталушылардың бірі бар жағдайды ашық айтып береді.
Сөзінше түрме басшылығы мен жазасын өтеушілер арасындағы белсенділер өзгелерге қорлық көрсететін көрінеді. Әрбірінің тісін атауызбен жұлып, ұрып соғады. Тіпті зорлаймыз деп те қорқытады екен.
Осы қорлықтан шаршаған олар биліктен құтқаруды сұрап отыр.
ЕСКЕРТУ: БЕЙНЕЖАЗБАДА БЕЙӘДЕП СӨЗДЕР БАР +18