Sunday, 8 December,2024

Атылған киік мүйіздері қытайға сатылмақ

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, сауда-саттық жобасы 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Киік мүйіздері фармацевтикадағы дәстүрлі компонент әрі Шығыс елдеріндегі, негізінен Қытайда дәрі-дәрмектердің құрамдас бөлігі саналады. Бүгінде киік мүйіздерін экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ. «СИТЕС» сирек кездесетін жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық ұйымы жекелеген жануарларды қолдануға (оның ішінде киік те бар) тыйым салды. Рұқсат алу мерзімі 2025 жылдың басы. Бүгінгі таңда киіктердің санын реттеуден алған барлық мүйіз таңбаланып, «Охотзоопром» мамандандырылған кәсіпорнының арнайы үй-жайларында сақталады. Қазір киіктердің мүйіздерін сатпаймыз, бірақ болашақта киіктердің мүйіздерін сыртқы нарыққа сатуды жоспарлап отырмыз», - деді Ерлан Нысанбаев.

Ұсынылатын