Sunday, 24 November,2024

Атынан қорыққан ба, әлде ақшаға сатып алды ма? Қайрат Сатыбалды мен Серік Күдебаев түрмеде әрекетсіз жатыр

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Бас бостандығынан айырылған шенділерді түрме басшылығы әлі күнге қоғамдық жұмысқа қоспаған. Қайрат Сатыбалды да, Серік Күдебаев та жұмыссыз жүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Информбюро дерегіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысындағы №22 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан оларға абақтыдан екі қолға бір күрек табылмапты.

250 адам жазасын өтеп жатқан қауіпсіздігі орташа колонияда тек 50 адамға ғана жұмыс бар екен. Сондықтан қызметін асыра пайдаланды деп 10 жылға сотталған Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев пен "Қазақтелеком" ақшасын ұрлады деп 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдыға жұмыс табылмаған.

Десе де осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Колония бастығы олигарх пен экс-генералды матрас жасайтын цехқа орналастыру жоспарда бар екенін айтады.

Қазіргі сәтте ол екі жазасын өтеушіге бос жұмыс орны жоқ. Бірақ, бұл уақытша. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлермен келісім жүргізіліп жатыр. Үш жұмыс беруші матрас және қоршауға арналған тор жасайтын цех ашпақ, - деп түсіндірген ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті №22 мекемесінің бастығы Руслан Тоқтаров.

Айта кетейік, Өскемен қаласындағы бұл түрмеде Қайрат Сатыбалдының жазасын өтеп жатқанына бір жылдан асқан. Ал, "Қаңтар оқиғасынан" кейін темір торға тоғытылған Серік Күдебаев үш ай бұрын осында жеткізілген.

Ұсынылатын