Monday, 9 December,2024

Атырау әкімінің көз жұмғаны рас па?

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ғаламторда Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб бұл ақпаратты фейк деп атады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. 19 сәуірде Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады. ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Ұсынылатын