Атырау облысында 1 тоннадан астам заңсыз балық аулағандар ұсталды
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінен 1 203 келі болатын балықты заңсыз аулаған топ қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz хабарлауынша, 22 сәуірде Атыраулық полицейлер Шарон өзенінің бойында 1987 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 келі болатын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚК 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.