Атырау облысында 15 жасар бала суға кетіп көз жұмды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Нұржау ауылында 15 жастағы оқушы суға кетіп көз жұмды. Марқұм Шарон өзенінің сағасындағы «Жіңішке» каналының тыйым салынған жеріне шомылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, қайғылы оқиға 29 мамырда болған.
“Жергілікті уақытпен сағат 17:07 шамасында 2008 жылғы жасөспірімнің тереңдігі 3 метр болатын канал суына шомылу кезінде батып кеткені анықталды. Соған байланысты департаменттің құтқарушылары мен ауыл тұрғындары суасты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сағат 19:05-те жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды”, -делінген хабарламада.