Атырау облысында балық қырылып жатыр
Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Соленое каналында балықтар жаппай қырылып жатыр. Әзірге олардың неден өліп жатқаны белгісіз. Мамандардың айтуынша, ол судан алынатын сынаманың қорытындысынан соң белгілі болмақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Атырау облысының Жылыой ауданындағы Соленое каналында балықтың қырылғаны анықталды. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін бүгін, 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға орнына аттанып кетті», - деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.