- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Атырау облысында жастар төбелесіп, соның салдарынан бір жасөспірім көз жұмды
Атырау облысында жастар төбелесіп, соның салдарынан бір жасөспірім көз жұмды
Атырау облысындағы Құлсары қаласында жаппай төбелестен бір адам көз жұмды. Ауыр жарақат алған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар арасындағы топтық төбелес 19 қаңтарда болған.
«Жылыой ауданының орталығы — Құлсары қаласында түнгі сағат 03:05 шамасында топтық төбелестің болғаны анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Құқық бұзушылыққа қатысы бар күдіктілердің бәрі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жаппай төбелестен үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. 2006 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды.
«Полиция қызметкерлері топтық төбелеске байланысты 2000 және 2007 жылы туған күдіктілерді қамауға алды. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта. «Полиция қызметкерлері топтық төбелеске байланысты 2000 және 2007 жылы туған күдіктілерді қамауға алды. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ақпаратта.