Friday, 22 November,2024

Атырау полицейлері 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Алмас Абылай
Фото

Атырау облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 20 сәуірде жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды.

1975 ж.т. шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тиым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Ұсынылатын