Атырауда 23 жастағы келіншек көпірден секіріп кетті
Uaqyt.info
Фото pixabay
Атырауда суицид жасамақшы болған келіншек құтқарылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 26 сәуірде сағат 15:48 шамасында болған. Көпірден секіріп, өз-өзіне қол салмақшы болған әйел адамды құтқарушылар дер кезінде суға батып кетуден құтқарып қалды. 23 жастағы келіншектің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.
"Полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылғы азаматты құтқарды. Оларға қайықпен Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев көмекке келді. Зардап шегуші оқиға орнында ТЖД-ның алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылды", делінген хабарламада.