Атырауда ағайынды екі бала суға кетіп, ажал құшты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Атырауда 15-16 жастағы екі жасөспірім суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Атырау облысы ТЖД мәліметінше, ағайынды екі бала Жайықтың рұқсат етілмеген тұсына шомылған. Қатты ағысқа төтеп бере алмаған екеуі ажал құшты. Құтқарушылар олардың денесін іздестіріп жатыр.
"Жаз басталды. Каникулда оларға ешкім қарамайды. Ата-анасы жұмыста. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері құралдарымен іздеп жатыр", - деді Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Асхат Ержанов.