Saturday, 23 November,2024

Атырауда ер адам өз-өзін өртеп жіберді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Атырауда өз-өзін өртеп жіберген ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 63 жастағы ер адамның денесінің 81 пайызын күйік шалған. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады. Марқұм жансақтау бөлімінде ес жимастан өмірден өтті.

«Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр болды. Денесінің 81 пайызынан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады. Бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам есін жимастан қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ұсынылатын