Атырауда газ жарылып, бес адам зардап шекті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, бес адам зардап шекті. Оқыс оқиға Көкарна ауылында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атырау облысы ТЖД мәліметінше, жарылыстан бес адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Ал өртпен күресуге ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Жарлыстың қатты болғаны сонша, тұрғын үй қабырғасының бір бөлігі қирап қалды.