Saturday, 23 November,2024

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен қыз өлі табылды

Uaqyt.info
Фото facebook.com/Сандуғаш Кукенова

5 күн бойы іздеуде болған 16 жастағы Әсемай Қазбекова өз-өзіне қол салғаны белгілі болды. Жасөспірім қыз көпірден секіріп кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ерікті Сандуғаш Кукенова жазды. Онда 2007 жылы туған қыздың суицид жасағаны айтылған. Әсемай Қазбекова копірден секіріп кеткен.

Атырауда жоғалып кеткен 16 жастағы бойжеткен төрт күннен бері табылмай жатыр

“Бейнежазбадан көпірге кетіп бара жатқан Әсемайдың соңғы бейнесін көруге болады. Оның әрекетінің барлығы жағалаудағы үйлердің біріндегі бейнекамераға түсіп қалған. Өкінішке қарай, ол көпірден секіріп кетті, - деді ерікті.

Айта кетейік, марқұм қыз 6 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып, сол күйі із-түссіз кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары 5 күн бойына жалғасты. 

 

Ұсынылатын