Атырауда көпқабатты тұрғын үй балконындағы бүлдіршін жұртты шошытты
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Атырауда балкон жиегіне шығып алған бүлдіршіннің әрекеті жұртты шошытты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан бүлдіршіннің балкон жиегіне шығып алғанын байқайсыз. Тіпті көпқабатты тұрғын үйдің биіктігіне мән берер емес.
"Қуанышқа орай бала құлап кетпеді. Кейін әпкесі келіп, баланы ішке алып кеткен. Ал полиция ата-анасына хаттама толтырмақшы", - деп жазылған бейнежазбада.
Аталған жағдайға байланысты желідегі жұрт түрлі пікір қалдырған. Бірі аман қалғанына қуанса, енді өзгелері сол баланың әрекетін видеоға түсіргенше, барып көмектесу керек еді дегенді алға тартыпты.