Friday, 17 May,2024

Атырауда көпқабатты үй өртеніп, адамдар эвакуацияланды

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Атырауда көпқабатты үйден өр шығып, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ІІМ мәліметінше, өрт 20 сәуірде сағат 17:50 шамасында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан. Құдай сақтағанда, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді”, - делінген мәліметте.

Ұсынылатын