Friday, 22 November,2024

Атырауда медбикені боқтаған ер адам қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Атырауда медбикеге былапыт сөз айтқан 42 жастағы ер адам 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Атырау қалалық Полиция басқармасы мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, 1981 жылы туған ер адамның үстінен ұсақ бұзақылық бойынша, іс қозғалып, ол 5 тәулікке қамалған.

“Атырау қаласында тұратын ер адам ауруханадағы медбикеге дөрекілік танытып, былапыт сөйлеген. Сөйтіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған. Аталған дерек бойынша 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын