Атырауда өзенге батып кеткен ер адамның денесі екі жарым айдан кейін табылды
Uaqyt.info
Фото
Атырауда балық аулап жүріп мұзға құлап кеткен 49 жастағы ер адамның денесі тек екі жарым айдан кейін табылды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бұл туралы AtyrauPress басылымы хабарлады. Онда марқұмның денесі 22 наурызда Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан табылғаны жазылған. Айта кетейік, 49 жастағы балықшы қасындағы серігімен осы жылдың басында балық аулап жүргенде мұз ойылып, өзенге құлаған болатын. Құтқарушылар бір адамды құтқарып қалғанымен, екіншісін сол күйі таппаған соң іздестіру жұмыстары тоқтатылған еді.