Tuesday, 26 November,2024

Атырауда пәтерде шыққан өрттен екі бала тірідей жанып кетті

Uaqyt.info
Фото

Атырау облысында өрттен екі бала қаза тапты. Индер ауданына қарасты Индербор кентінде түгелдей жанған пәтерден, 6 және 9 жастағы екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында болған. Түгі қалмай өртенген пәтерден екі баланың мәйіті табылды. Ал олардың 29 жастағы анасы мен азаматтық некедегі жолдасы ауруханаға жеткізілді.

"Өрт шыққаны туралы ақпарат кеш хабарланды. Салдарынан құтқарушылар жеткенше пәтер түгел жанып кеткен. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді Атырау облыстық ТЖД бөлімінің баспасөз қызметі.

Әйелдің денесінің 95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр, ал ер адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Облыстық полиция департаменті өрттің қасақана қойылғанын анықтады. Қазір күдікті қамауға алынған.

Ұсынылатын