Атырауда сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған ер адамға сот үкімі шықты

Атырауда сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған ер адам 17 жылға сотталды. Азғын 13 жасар қызды зорламақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді”, – деп хабарланған Атырау облысының сотында.
Айта кетейік, 2022 жылы 6 желтоқсанда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адамды полицейлер ұстаған болатын. Ол көліктен бірнеше минутқа шығып кеткен анасының жоқтығын пайдаланып қызды көлікпен алып кетеді.
Арам ойын жүзеге асырғысы келген азғынның үстінен екі бірдей бап бойынша қалмыстық іс қозғалды. Айыпталушы өзі кінәсін мойындады. Ол енді 17 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болады.