Thursday, 19 September,2024

Атырауда төрт көлік соқтығысып, соның салдарынан жедел жәрдем қызметкері қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік көлік соқтығысып, жедел жәрдем қызметкері көз жұмды. Қайғылы оқиға 9 қаңтарда кешкі сағат 18:30 шамасында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Доссор-Бейнеу тас жолының 74-шақырымы тұсында төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігіне соқтығысқан. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр”, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын