Атырауда тұрғын үй жертөлесінен 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Атыраудағы көпқабатты тұрғын үй жертөлелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылған. Әзірге оның неден өлгені белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция мәліметіне сүйенсек, мәйіт кешқұрым сағат 18:20 шамасында жертөледегі баспалдақтан анықталған.
"Атыраудағы "Береке" шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.