Saturday, 27 April,2024

Атырауда Ұлттық құрылтайдың III отырысы басталды

Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден

Атырауда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың III отырысы басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жиында төрт бағытты қамтитын шағын секциялық жиындар өтті. Құрылтай мүшелері көтерген мәселелер мен айтқан ұсыныстар пысықталып, негізгі отырыстың бағдарламасына хатталады.

Айта кетейік, Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы былтыр Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Екі күн бойы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері мен БАҚ басшылары және сарапшылар өзіндік ұсыныстарын жеткізді.

Ұсынылатын