Friday, 20 September,2024

Атырауда велосипедтегі баланы КамАз қағып кетті

Uaqyt.info
Фото pixabay

Атырауда велосипед айдап келе жатқан 6 жастағы баланы ауыр жүк көлігі қағып кетті. Соқтығыстан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 мамырда болған.

Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды қараусыз жібермеуге кеңес береді.

Ұсынылатын