Friday, 20 September,2024

Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 адам оқиға орнында тіл тартпай кетсе, тағы бір жолаушы аурухана төсегінде көз жұмған.

Жергілікті уақытпен сағат 16:15 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10-шақырымы тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Priora автокөлігі отқа оранды. Көлікті тізгіндеген 1992 жылғы жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы, Camry автокөлігінде отырған 1972 жылғы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Toyota Camry көлігінің рөлінде болған 42 жастағы жүргізуші дене жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын