Friday, 18 October,2024

Атырауда жол апатынан екі адам көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Атырау облысында Toyota аударылып, соның салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болған.

“Атырау-Индер тас жолының 18-шақырымы тұсында Toyota автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік апатына 1998 жылғы жүргізушінің көлікті басқару жүйесін игере алмағаны себеп болғаны анықталды. Оқиға орнында жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды”, -деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын