Friday, 22 November,2024

Атырауда журналист мұрнын сындырған азаматқа сот үкімі шықты

Алмас Абылай
Фото atpress.kz

Атырауда былтыр жазда Олеся Вертинская есімді журналист қыздың мұрнын сындырған тұрғынға сот үкім шығарды. Ол бір жылға бас бостандығынан шектелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

AtyrauPress сайтының жазуынша күдікті Вертинскаяны көліктен алдап түсіріп, ешкім жоқ жерге апарып еш себепсіз ұрып-соққан. Кейін жәбірленушіге түрлі жарақаттар мен мұрны сынған деген диагноз қойылған. Сот ер адамға пробациялық бақылау орната отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Әрі оның кінәсі толық дәлелденгені айтылады.

"Сот азамат М.А. ауыр емес қылмыс жасағанын ескеріп, оған қылмыстық кодекстің 44-бабы 2-бөлігінде көзделген бірқатар міндеттер жүктеліп, пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жылға бас бостандығын шектеуге және мәжбүрлі еңбекке тартуға үкім шығарды", - делінген сот ақпаратында.

Десе де, жәбірленуші сот шешімімен келіспейтінін айтып, жазаны қатаңдату үшін аппелияциялық шағым түсірмек. Айта кетейік, оқиға 2022 жылдың 19 шілдесі күні тіркелген. Тіпті шабуыл қаладағы бақылау камераларының біріне түсіп қалған.

Ұсынылатын