Атырауда журналистің көлігін өртеп кетті
Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Онда «ҚазАқпарат» ХАА-ның Атыраудағы меншікті тілшісі Виктор Сутягиннің көлігіне белгісіз біреулердің өрт қойғаны жазылған.
«Мен көлікті үйдің бұрышына қалдырып кеткен болатынмын. Сағат 00:00-де сыртқа шыққанда тыныш еді. Көршінің бейнебақылау камерасынан күдікті адамның сағат 02:24-те келгенін көруге болады. Ол көліктің капотын ашып, бірдеңе істеп жатты. Біраз уақыттан соң жарылыс болды. Күдіктінің өзі зардап шегуі мүмкін. Одан басқа ешкімге зақым келген жоқ. Жақын жерде көршілердің көліктері тұрған болатын. Алайда оларды алып үлгерді»,-деді журналист.
Әзірге бұған қатысты Полиция түсініктеме берген жоқ.