Friday, 29 March,2024

Атыраудағы ауыл жастары Африкада ауызашар берді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Атырау облысы Мақат ауылындағы бір топ азаматы Африкада ауызашар берді. Дастархан 60 бүлдіршінге жайылған деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақ Жайық сайты жазды. Дерекке сүйенсек, Мақат ауылының бір топ азаматы Африкадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне дастархан жайған. Қаражатты олар аталмыш елдегі мұсылмандар қорына аударған. Мұнан кейін қор қызметкерлері 60 балаға арнайы ауызашар ұйымдастырыпты.

Бейнежазбада жасөспірімдердің қуанышында шек жоқ екенін көруге болады. Бір айта кетерлігі дәл осындай балаларға үлкен дастархан жаюға тек 14 тұрғын ғана ақша аударған.

Балалар тәрбиеленушілерімен бірлесіп тамақтанбас бұрын әлемде осындай жақсы адамдардың барына алғыс айтуда.

Ұсынылатын