Атыраудағы мектептердің біріне террорлық шабуыл жасалды - БАҚ
Атырауда полиция қызметкерлері қала мектептеріне шабуыл жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Атырау қаласындағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы тағы да ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын.
26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Мектеп оқушылары штаттық режимде оқуларын жалғастыруда, полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған.
Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында”, - деп жазды БҚО ПД департаменті.